1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында мектеп-интернатымызда «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің келешегі кемел!» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. МАД, 1-10 сынып оқушылары елімізде бейбіт өмір кешіп жатырған әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері болып қатынасып, әр елдің тарихына көз жүгіртіп, мәдениеті мен өнерін көрсетті. «Болмасаңда ұқсап бақ» деп, - ұлы Абай атамыз айтқандай, мәні мен сәні жарасқан мерекелік кеште, оқушылар әр елдің ұлттық киімдерін киіп, әдеп-ғұрыптарына, ұлттық дастарханы мен ұлттық өнеріне саяхат жасап, мың бұралып би билеп, меркелік шараның сәнін келтірді. Шараны өткізудегі басты мақсат: Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырған жүзі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік барлық Қазақстан халықтарын ауыз бірлікке, туыстыққа шақыру.
http://internat3.kz/kz/zhanaly-tar/336-yntyma-y-men-birligi-zharas-an-eldi-keleshegi-kemel.html#sigFreeIdacdaaa3b89