«Радуга» тобында жылдық тәрбие жоспарына сай қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай «Легендарная Дина Нурпейсова - глазами детей» тақырыбында ашық тәрбиелік шара өткізілді.

Шараның мақсаты:

- Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісованы таныту,

- Қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі - күй өнері туралы мағлұмат беру,

- Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу.

«Үй тапсырмасы» ретінде оқушылырдың ата-аналарымен бірігіп, қаламыздағы өлкетану мұражайына саяхатқа баруы, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыру мақсатында мұражайдан «тосын сый» естелік сыйлықтарының келуі шараны ұйымдастырудағы педагог-сарапшы Г.С Урынбасарованың біліктілігі мен шығармашылығының шыңы болды.