Атырау облысы Білім беру басқармасының 2021 жылғы 20 қарашадағы №375 бұйрығы негізінде 2021 жылдың 13-ші желтоқсанында мектеп-интернатымызда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының қатарына қабылдау бірыңғай салтанатты жиыны өткізілді. Оқушылар ұйым қатарына өту құрмет пен үлкен жауапкершілік екендігін  түсіне отырып, мектебіміздің жалпы саны 38 оқу екпінділері мен белсенділері өз еріктерімен ұйым қатарына өтуге  өтініш білдірді. Салтанатты жиында «Жас ұлан» қатарына - 10 оқушы, «Жас Қыран» қатарына - 28 оқушы қабылданды.

Жиын Қазақстан Республикасы Гимнімен ашылып, «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымы топ басшыларының мектеп ұланбасына рапорттар тапсыруымен  жалғасты.

Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны - Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай орындауға, сақтауға, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Галстук пен төс белгі тағу құрметі ардагер ұстаздар мен оқу екпінділеріне табысталды.   

«Жас Ұлан» Гимні орындалып, мектеп-интернат басшысы Хасанова Светлана Сайхановна құттықтау сөз сөйлеп, «Жас Ұландықтар» мен «Жас Қырандықтар» атағына лайық болуға шақырды. Салтанатты жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік концерттік бағдарламамен  жалғасты.