Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, мектеп-интернатымызда «Даланың дара ұстазы» тақырыбында танымдық, тәрбиелік мәні бар мектепішілік шара болып, өтті.
Мақсаты:
- Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету.
- Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
- Оқушыларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Шараға 5-10 сынып оқушылары қатынасып, тұғырлы үш тілде өз өнерлерін көрсете білді. Мектебіміздің тіл, хореограф, вокал мамандары балаларды дайындауда таным мен шығармашылықты, өнер мен шеберлікті тоғыстыра білді.
http://internat3.kz/kz/zhanaly-tar/322-dalany-dara-stazy.html#sigFreeId706d652648