2021 жылдың 25-ші қараша күні мектеп-интернатымыздың мамандары психолог Самат Марта мен әлеуметтік педагог Ахдүйсеева Әсияның ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларына арналған  «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында  ювенальды полиция қызметкерімен кездесу болып, өтті.

Мақсаты: Құқық бұзушылық, қатігездік пен зорлық - зомбылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, әділдікке, адал еңбекке, адамгершілік пен инабаттылыққа, мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Кездесуге ювенальды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Карасаева Гаухар Малкаждарқызы қатынасып, балалар құқығын қорғау - егемен еліміздің аса құндылықтарының бірі екендігі туралы баяндап берді. Оқушылар тақырыптық бейнефильмді тамашалап, әртүрлі жағдаяттар бойынша өз ойларын ортаға салып, көкейтесті сұрақтарына жауап алып, зорлық - зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болатына, бақытты отбасы - бақытты балалық шақ екендігі туралы түсінік қалыптастырды.