Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 мектеп-интернатында "Ұстаздар күні" мерекесіне орай 1-қазан оқушылардың ұйымдастыруымен "Ұстаз тұрар ұлылықтың басында" атты мерекелік кеш өтті.

Кеш барысында мектеп директоры С.С.Хасанова барша ұстаздар қауымын құттықтады. Кәсіподақ ұйымының атынан ұстаздарға алғыс хат берілді. Мектеп оқушылары ұстаздар қауымын өлең шумақтарын арнап, өз өнерлерін көрсетіп,ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.