2021 жылы 1 қыркүйек «Кел балалар, оқылық!» атты білім күніне арналған 1-ші сынып оқушыларының салтанатты жиыны және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері!» тақырыбындағы 2-10 сынып оқушыларының сынып сағаттары өткізілді. Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге «ӘЛІППЕ», «БУКВАРЬ» оқулықтары табысталды. Сынып сағаттарында ел тәуелсіздігінің қадір-қасиеті ұғындырылып, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға баса назар аударылып, Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы тарихи ролі, көреген саясаты ұғындырылды.