2021 жылдың 09 қыркүйек күні, Тіл мүкістігі бар балаларға  арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернат оқушыларына  Атырау қаласы полиция қызметі ювенальды полиция бөлімшесі, учаскелік полиция капитандары Утениязов Ерлан Маратович пен Көпжасаров Рахат Алтынбекович «Абайлаңыз, балалар!» атты Республикалық  акция аясында жол қауіпсіздігі ережесі бойынша таза ауада, жанды, көрнекі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оқушылармен сұрақ-жауап орнатылып, оқушылар өздерінің жол қауіпсіздігі туралы білімдерін  жақсы деңгейде көрсете білді.

Алдағы уақытта да біріккен жұмыстар жалғасын таба бермек!