2021 жылдың 09 маусым күні мектеп – интернатымызда  10 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін құйып,  әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен   ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі,   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында  «Тәуелсіздік ұландары»  тақырыбымен аттестат тапсыру сатанатты жиыны болып,  өтті.  Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерге  азаматтық куәсі – аттестат тапсырылып, «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта,  бар қалан», - деп Абай атамыз айтқандай жүрек қалауларымен мамандық таңдап,  иесі атанып, өмірден өз орындарын адаспай табуларына әкімшілік, ұстаздар, ата-аналар тарапынан ақ жарма тілектер айтылды.

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Баймуханова Ж.Т