Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапхана - сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері деп ойлаймын.

  

Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапханашы - халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет деп ойлаймын.
Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын - оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады.
Қазіргі таңда тіл иүкістігі бар балаларға арналған №3 мектеп-интернат кітапханасының  кітап қоры -22054 дана, Оның ішінде:


Атаауы

                          Барлығы

 

 

 

дана

сомасы

1

оқулықтар

9091

10611961

2

эл.оқулық

1578

3467821,04

3

қосымша

1526

1758561,98

4

әдістеме

637

676255,66

5

дәптер

4222

3465697

6

көркем әд

4429

3687456,48

7

коррекц

469

395680

8

брашура

102

105300

 

 

22054

24168733,16

Кітапхана қоры 2017-2018 оқу жыылында  түгелдей жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықпен қамтылды.Оқу жылы басында жаңартылған бағдарлама бойынша кітап қорына келіп түскен жаңа қорларларға көрме жасақталып пән мұғалімдеріне таныстырылды.

 

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы №3 мектеп-интернат кітапханасының оқулықпен қамтылуы

Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт - дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

 

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы №3 мектеп-интернат кітапханасының оқырмандар саны

Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады.Кітапхана интернет жүйесімен жабдықталған. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.Мысалы: «Менің  Отаным Қазақстан»интелектуальды ойын, «Тұңғыш Президент» библиографиялық шолу «Кітапхана-білімпаздар мекені» кеш, «Әдебиетке балалықты әкелген»  конференция, «Ардақтайық ата тілін» кітап көрмесі , «Туған елім-Қазақстан» ауызша журнал , «Туған өлкем Атырауым» сайыс, «Денсаулық - байлықтан да қымбат» ертеңгілік «Мейірімділік-асыл қасиет» кітапханалық сағат т.б. бірнеше көптеген іс-шаралар өткізілді.
Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.
Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай , келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.
Елбасымыздың «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес.Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор.
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптармен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

 

   

 

 

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптармен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапханашы қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

       

Оқырмандар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Мектеп кітапханашысы  Қарасаева Риза Құлқайырқызы